Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашылған қоқыс": Көлсайға демалуға барған Ләйлә Сұлтанқызы табиғатты ластамауға шақырды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет Көлсайға демалуға барып, сапарынан алған әсерін бөлісті. БАҚ өкілі ол жердегі табиғаттың жағдайы мәз емес екенін айтып күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Көлсайда өз көзімен көрген көріністі Instagram парақшасында баяндап берді. Тележүргізушіні табиғат аясындағы қоқыс мәселесі алаңдатқан. Оған қоса БАҚ өкілі демалыс орындарының иелері мен демалушыларға да шүйлікті.

Ол барша отандастарын ғажайып мекенді таза ұстауға, табиғатты ластамауға шақырды.

"Қараңыздаршы, қандай табиғат. Бұл ғажайып жерлерімізді аялау, бағалау, ластамай, таза ұстау өзімізге байланысты дейміз, дұрыс. Бұл жер бізге ғана керек, біздің бала-шағамызға керек. Ал үлкен мәселелерді кім шешеді? Өткен апта Көлсайға барғанда тау бөктерінде қалай болса, солай соғылған демалыс орындарын көрдім. Қалай болса солай тігілген киіз үйлер, палатка ма, пакеттен бе жасалған даладағы әжетханалар. Кафе, сауда орындарына сұрақ көп. Өзеннен су тартып жатқан көліктер. Шашылған қоқыс.

Көздің жауын алатындай барлығын бір стандартқа сай қылып демалыс орындарын, сауда дүкендерін, кафешкаларды, туалеттерді соқтыруға болмай ма? Жолдағы сынған ағаштар, әр жерде шашылып жатқан қоқыстарды кім жинайды? Ертең солар өртенсе ше, ойлаудың өзі қорқынышты. Жол демекші, кейбір жерде тауға көтерілу мұң, қорқынышты. Сұрақ көп, проблема да жетерлік. Өзімізден бастайық. Көлсай болсын басқа жер болсын демалысқа барған соң артыңызды жинап жүріңіз, балаға сіріңке бермеңіз, тыйым салынған жерге бармаңыз", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986336-sasylgan-qoqys-kolsaiga-demaluga-bargan-laila-sultanqyzy-tabigatty-lastamauga-saqyrdy/

pixel