Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хоккейші емес": Төреғали Төреәлінің қарындасы алғаш рет сүйіктісі жайлы айтты

Опубликовано:

Дина Әлиханқызы
Фото: Instagram/tattti_kyz

Осыдан бірер күн бұрын ғана сүйіктісінің ұсынысын қабыл алған Төреғали Төреәлінің қарындасы болашақ күйеуі жайлы тың мәліметпен бөлісті. Ол көпшілік болжамын жоққа шығарып, ғашығының хоккейші емес екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Әлиханқызы сүйіктісі жайлы Instagram парақшасында айтып берді. Желі қолданушылары ұсыныс жасалған күннен бастап арудың таңдауы хоккейші жігітке түсті деген болжам жасады.

Алайда шын мәнінде бұл ақпарат жалған болып шықты. Оны бойжеткеннің өзі жоққа шығарды. Сөзінше, ғашығы хоккейші емес.

"Жігітім жайлы бір ақпарат болсын. Ол ешқандай да хоккейші емес. Хоккейші деген тақырып осымен жабылсын. Қандай спортпен айналысатынын стадионда ұсыныс жасағанынан біле аласыздар", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Әлиханқызына сүйіктісі ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986342-xokkeisi-emes-toregali-torealinin-qaryndasy-algas-ret-suiiktisi-zaily-aitty/

pixel