Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ қонжық": Артур Төлеповтің келіншегі алғаш рет екінші ұлын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Артур Төлепов жарымен
Фото: Instagram/arturtolepov

Қазақстандық танымал актер Артур Төлеповтің әйелі алғаш рет екінші ұлын көрсетіп, оны қалың көпшілікке таныстырды. Мадина Төлепова желіде перзентінің видеосын бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артур Төлеповтің келіншегі баласының бір жасқа толуына орай оны өз оқырмандарына көрсетуді шешкен. Ол Instagram парақшасында ұлының суреті мен видеосын жариялап, көпшіліктен кімге қатты ұқсайтынын сұраған.

"Алланың қалауымен Алихан батырымыз 1 жасқа толып жатыр. Саған әлемнің бар жақсылығын тілеймін, езуіңнен күлкін кетпесін, денің сау болсын бастысы! Туған күніңмен, ақ қонжық. Танысып қойыңыздар. Әлихан Артурұлы. Кімге ұқсайды", - деп жазды Мадина Төлепова.

Желі қолданушылары актердің ұлына сүйсініп, оған жылы лебізін білдірген. Оқырмандар бүлдіршінді әкесіне ұқсатуда.

"Жолдасыңыздан айнымайды", "Әкесіне тартқан. Күлкісі де, көзі де", "Күйеуіңіздің көшірмесі ғой тура", "Балапанның өмір жолы ашық болсын. Денсі сау болсын", "Тәтті балақай, көз тимесін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986359-aq-qonzyq-artur-tolepovtyn-kelinsegi-algas-ret-ekinsi-ulyn-korsetti-foto-video/

pixel