Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінен аумайды": Юрий Шатуновтың бұрынғы диекторы оның ұлымен түскен суретін көрсетті

Опубликовано:

Юрий Шатунов ұлымен
Фото: Юрий Шатунов ұлымен/Instagram

Юрий Шатуновтың бұрынғы директоры әншінің ұлын көрсетті. Аркадий Кудряшов бозбаланы 16 жасқа толған мерейтойымен құттықтаған. Ал марқұмның тыңдармандары Дэннистің әкесіне қатты ұқсайтынын жарыса жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дэннис Шатунов бүгін 16 жасқа толды. Барлық жақсылықты тілеймін және құттықтаймын. Отбасылық сурет. Қаңтар 2022", - деп жазды марқұм әншінің желідегі парақшасына.

Әншінің тыңдармандары бозбаланы көріп, қуанып қалғандарын жеткізді.

"Эксклюзивті сурет үшін рахмет", "Юрийге қатты ұқсайды екен", "Әкесінің көзі баласына беріліпті", "Әкесінің қуанышы, сізде бәрі жақсы болсын", "Әкесі секілді көздері жанып тұр екен", - деді пікір білдірушілер.

Естеріңізге сала кетейік, Юрий Шатунов биылғы жылдың 23 маусымында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986371-akesinen-aumaidy-yurii-satunovtyn-buryngy-diektory-onyn-ulymen-tusken-suretin-korsetti/

pixel