Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірікті жек көремін": Әнші Дастан Оразбеков өз мінезі туралы айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello

Отандық танымал әнші Дастан Оразбеков желіде жаңа жазба жариялап, өзі жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Әртіс жанкүйерлеріне өз мінезі жайлы бар шындықты айтты. Ол аңқаулығы бар екенін мойындады, деп жазады KAZ,NUR.KZ.

Дастан Оразбеков өзін ашық адам ретінде сипаттады. Ол тіпті аса таныс емес жанға өзінің ішіндегі сыры мен ойын айтып беруге дейін дайын екенін жеткізді.

Оған қоса әртіс аңқау екенін де мойындады. Алайда ол өзгенің шырмауына түспеу үшін жан дүниесін өзгерткісі келмейтінін айтты.

"Қай жамандықтан жиренемiн, қай жақсылықты үйренемiн? Өз басым өтірікті жек көремін. Әкем «Ұрының арты қуыс» деп айтушы еді, бәрібір ертесіне ашылатын дүниені қазір жасырудың еш мәні жоқ. Мен ашық адаммын. Қазір танысқан сенуге болады-ау деген жанға бүкіл өмірімді, ішімдегі сырымды, шынайы ойымды айтып беруге дайынмын, егер ол да маған дәл солай қараса. Аздап аңқаулығым бар. Кейде небір адамдардың айласын елемей қалуым мүмкін. Бірақ біреудің шырмауына түсуден қорқып, өз жан дүниемді өзгерткім келген емес", - деп жазды әнші.

Оразбеков адамдардың бойындағы шынайылық пен ісіне адалдықты қатты бағалайтынын алға тартты.

"Ашықпын ба, ашық болып қаламын. Басқалардан да соны талап етемін. Ағынан жарылып сөйлескен кезде ғана астарлы әңгіме айтылады, істің шындығы жасырылмай ақтарылып ортаға салынады. Ашықтық, шынайылық, өз ісіне адалдық. Міне, солардың жанкүйері болып жүрген адамдармен тілдескенді жақсы көремін. Өйткені әлеуметтік желілерде адам өзін таудай қылып көрсетеді де, көзбе-көз кездескен сәтте оның таспен де тең еместігін сезіп қаласың. Қашанда адамның аузынан шыққан сөзі мен ісі бір-біріне сай болуы керек", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986382-otirikti-zek-koremin-ansi-dastan-orazbekov-oz-minezi-turaly-aitty/

pixel