Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа шаш үлгісін паш еткен Жұлдыз Әбдікәрімова қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа образын паш етіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Шаш үлгісін өзгертіп тастаған өнер иесін оқырмандары танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше образын Instagram парақшасында бөлісті. Онда актрисаның сары шашты екенін аңғаруға болады.

Желі қолданушылары бірден өнер иесінің жаңа шаш үлгісін қызу талқылады. Бірі оған бәрі жарасатынын жазса, енді бірі қара шашы жақсырақ болғанын айтуда.

Оған қоса кейбір оқырмандар актрисаның мұндай өзгеріске барғанына сенбейді. Олардың пікірінше, бұл Әбдікәрімованың кинодағы образы.

"Жараспайды екен мына шашың", "Қара шашың жақсы еді", "Әп-әдемі болып тұр. Қуыршақ секілді өзі. Саған бәрі жарасады", "Көрікті ару", "Бұл жай ғана кинодағы образы ғой. Шынайы өмірде шашын сарыға боямаған секілді", - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің соңғы жаңалықтарымен де бөлісе кетті.

"Айтар жаңалығым өте көп. Соның бірі өзімнің ең үлкен жобамды аяқтай сап, жаңа киноға бір рөлді сомдауға келдім", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986412-zana-sas-ulgisin-pas-etken-zuldyz-abdikarimova-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel