Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог Ди Каприоның неге 25 жасқа дейінгі қыздарға көз салатынын түсіндірді

Опубликовано:

Леонардо Ди Каприо
Леонардо Ди Каприо. Фото: Getty Images/ Justin Sullivan / Staff

Ресейлік психолог Вероника Степанова Леонардо Ди Каприоның неліктен 25 жасқа дейінгі жас қыздарға көз салатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 5-tv.ru арнасына сілтеме жасап.

Психолог Вероника Степанованың айтуынша, танымал актер біреуге бауыр басып қалудан қорқады. Сондай-ақ маман Ди Каприоның тастап кеткен қыздары өздерін уақытша хобби ретінде сезінетіндерін де жеткізген.

"Лео жалғызбасты ананың тәрбиесін көрген. Сондықтан әйелдерді ақымақтығы үшін жазалайды. Сонымен қатар ол қарым-қатынастағы бауыр басып қалу мен отбасы болудан қорқады. 47 жастағы ер адам отбасы дегеннің не екенін білмейді. Онда ешқашан отбасы болмаған", - дейді психолог.

Психолог актердің отбасылы болуға қашан шешім қабылдайтынын да айта кетті.

Оның ойынша, актер қарттық пен жалғыздық қатты алаңдатқанда, өз отбасын құруға дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986541-psixolog-di-kaprionyn-nege-25-zasqa-deiingi-qyzdarga-koz-salatynyn-tusindirdi/

pixel