Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайым нашар": Атышулы Байзақова денсаулығы сыр бергенін айтты (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова денсаулығы сыр бергенін хабарлап, оқырмандарын алаңдатты. Желі жұлдызының сөзінше, бүгінде жағдайы мүлдем нашар. Ол ас іше алмай қалғандықтан, қатты арықтап кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова өз жағдайын Instagram парақшасында бөлісті. Блогер ару бүгінде ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ол өзі үшін алаңдаған жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады.

"Достар, барлығыңызға сәлем. Мені жоғалтып алып, мен үшін алаңдап жатқандарыңызды білемін. Мен Instagram мен Whatsapp желісін екі күнге өшіріп тастадым. Себебі жағдайым нашарлауда.

Бойым 174 бола тұра 48 келіге дейін арықтап кеттім. Тамақ іше алмай қалдым. Неге екенін өзім білмеймін. Тәбетім жоқ. Ауруханаға жатып, ем қабылдауды шештім. Әлеуметтік желілерге назар аудармас үшін оларды өшіріп тастадым. Салмақ жинаймын деп үміттенемін", - деді Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986562-zagdaiym-nasar-atysuly-baizaqova-densaulygy-syr-bergenin-aitty-video/

pixel