Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Роза Әлқожа Еуропадағы демалысы қалай өткенін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Роза Әлқожа Еуропада
Фото: Instagram/roza_alqozha

Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа Еуропаға саяхат жасап, желіде демалысы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі Испания, Италия және Франция елдерінде болып, әсем жерлерді аралаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожаның Еуропаға аттанғаны туралы Instagram парақшасынан белгілі болды. Эстрада жұлдызы кезекті демалысынан фото және видео бөлісіп, саяхаты қалай өткенін көрсетті.

Өнер иесі бұл демалысына бірге барған. Олар алдымен Франция астанасы Париж қаласына тоқтап, артынан Канныға жол тартқан.

Сонымен қатар Роза Әлқожа Италия мемлекетінде де болған. Ол Ла Специя қаласын аралап, желіде алған әсерін бөлісті. Оған қоса, әнші өзінің асқақ арманын орындап, Рим қаласын өз көзімен көріп қайтқан.

Соңында анасы мен баласы Испания еліне аттанған. Жұлдызды отбасы Барселонаның ең әсем жерлерін аралап, қызықты демалыс өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986832-ansi-roza-alqoza-europadagy-demalysy-qalai-otkenin-korsetti-foto-video/

pixel