Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат клип түсіргенін хабарлады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін хабарлады. Ол тың туындысын жақында жарыққа шығармақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген шығармашылығындағы жаңалығын Instagram желісінде жария етті.

"Қымбатты достар, мен жаңа "The Story of One Sky" атты композицияға әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсірдім. Бұл видеоны қысқаша клип деп айтуға болады. Бұл музыкалық фильмнің сценарийін өзім жаздым. Тұсаукесер жақында", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, әртістің жаңа туындысын асыға күтетіндерін жазды.

"Керемет жаңалық. Күтеміз", "Димаш, тың туындыларымен қуанта бер. Шығармашылығың өрлей берсін", "Димаштың әр әні хит", "Асыға күтеміз. Тезірек шығарыңыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986953-dimas-qudaibergen-alemdegi-en-qymbat-klip-tusirgenin-xabarlady/

pixel