Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтқанымнан қайтпаймын": Ақбота Сейітмағамбет өзі жайлы тың мәліметтерді бөлісті

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап беріп, өзі жайлы тың мәліметтерді бөлісті. Өнер иесі өзге жанға еліктейтін адамдар қатарынан емес екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет бойындағы қасиеттерді Instagram парақшасында тізіп шықты. Ол өзін қырсық әрі арманшыл адам ретінде сипаттады.

""Ерке, қырсық, қайсар (айтқанымнан қайтпаймын), шыншыл (әділ), арманшыл (қиялыма ерік беремін), бауырмал, арасында өзімшілмін. Кейбіреулер мейіріміді деп жатады. Күштімін (ұлым үнемі солай айтады). Адалға адалмын", - деп жазды ол.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Оған қоса өнер иесі біреуге еліктеуге қатысты өз ойын ашып айтты. Сөзінше, біреудің көшірмесі болғанша, жеке тұлға болған артық.

"Жалпы мен біреудің көшірмесі болып, оларға еліктейтін адамдар қатарынан емеспін. Әр адам - жеке тұлға болғаны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен жақсы адамның жақсы қасиетін бойға сіңірген де жөн", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986986-aitqanymnan-qaitpaimyn-aqbota-seiitmagambet-ozi-zaily-tyn-malimetterdi-bolisti/

pixel