Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева желіде қызу талқыға қалды (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде жаңа фотосессиясын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Өнер иесі қысқа көйлек киіп, бар дене сымбатын паш еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева аталмыш суретін Instagram парақшасында бөліскен. Онда актрисаның қысқа киіммен табиғат аясында тұрғанын көруге болады.

Өнер иесінің ерекше фотосы бірден оқырмандардың қызу талқысына түскен. Олар әртістің образына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оның батылдығы мен мінсіз мүсініне тәнті болса, енді бірі оның образын тым ерсі деп санаған.

"Әдемі", "От болып тұрсыз ғой", "Фигураңыз ұрып тұр. 45 емес, 25 жаста сияқтысыз", "Кім не айтса да бәрібір. Сіз құр от болып жанып тұрсыз", "Сұлусыз, сізге бәрі жараса береді", "Мына суретіңіз тым ұяттау көрінеді екен, жасыңызға сай емес, Айгүл ханым", "Иманбаева емес, Иванбаева болыпсыз", "Мұндай жасқа келіп ұят емес пе?", "Өте әдемі жарасады екен, бірақ деген нәрсе бар ғой. Ерсілеу көрінеді екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987483-qysqa-koilek-kigen-aigul-imanbaeva-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-foto/

pixel