Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол туралы әзірге ойламаймын": Мақпал Исабекова артық салмақ жайлы айтты

Опубликовано:

Мақпал
Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова босанғаннан кейін артық салмақ жинағанын айтты. Алайда үш ай бұрын ғана тұңғышын дүниеге әкелген өнер иесі әзірге бұл мәселені шетке ысырып қоюды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова артық салмағы жайында әзірге ойланғысы келмейтінін алға тартты. Бұл туралы ол Instagram желісінде оқырмандарымен тілдесті.

"Салмақ қостым. Ол дөңгеленген бетімнен көрініп тұр. Бірақ әзірге салмақ жайлы ойламаймын деп шештім, қазір ең бастысы менің сәбиім. Жақсылап тамақтансын, ал ол үшін менің жақсылап тамақтануым керек. Ешқандай шектеусіз және күйзеліссіз. Барлығы қалыпқа келеді, оған күмәнім жоқ. Салмақ та, сырт келбет те. Әр нәрсе өз уақытымен. Қазір ана болудан және тәттілерден рахат алып жатырмын", - деді әртіс.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Скриншот: Instagram/makosyai

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 38 жасында алғаш рет ана атанған болатын. Өнер иесі 24 маусым күні тұңғышын дүниеге әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987533-ol-turaly-azirge-oilamaimyn-maqpal-isabekova-artyq-salmaq-zaily-aitty/

pixel