Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз қатты ұқсаймыз": Айжан Байзақова бір жарым жыл араласпай кеткен әкесімен татуласты (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова асқар тау әкесімен қалай татуласқанын айтып, көпшілікке өз жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы әкесі түрмеден шыққан соң онымен араласпай кеткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова араға бір жарым жыл тастап, әкесімен қайтадан байланыс орнатқанын айтты. Атышулы блогер Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, онымен қалай татуласқанын айтып берді.

Ол бұл кездесуге інісі Әлихан Байзақовты ертіп барғанын жеткізді.

"Кеше бір жарым жылдан кейін әкеммен алғаш кездестім. Мен қатты уайымдадым. Тіпті Әлиханға қасымда болуын сұрадым. Себебі, кездесудің қалай аяқталатынын білмедім. Әкем екеуіміздің мінезіміз ұқсас. Мүмкін сол себепті де бізге байланыс орнату қиын болған шығар. Ол келген бойда оны құшақтап, одан кешірім сұрадым. Мен арада болған мәселені талқылағым келмейтінін айттым.

Бәрін басынан бастағым келді, шын жүректен кешірім сұрағым келді. Басында әкеме ауыр болды. Екеуміз де жылап алдық. Егер бүгінде ата-аналарыңызбен арада түсініспеушілік болса, кешірім сұраудан қорықпаңыздар. Біз татуластық. Орын алған жағдайларға қарамастан біз бір-бірімізді кешіре алдық. Енді біз араласамыз. Мен үшін қуанып қойыңыздаршы", - деді ол.

Оған қоса блогер ару әкесі екеуінің қатты ұқсайтынын айтты.

"Қызығы, әкем маған "сен тым эмоцияналды адамсың, мінезің ауыр" деді. Сол кезде Әлихан "ол тура өзіңіздің көшірмеңіз ғой, сізге тартқан" деді. Расымен біз қатты ұқсаймыз. Мінездері ұқсайтын адамдарға тіл табысу әркез қиын", - деді Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987635-biz-qatty-uqsaimyz-aizan-baizaqova-bir-zarym-zyl-aralaspai-ketken-akesimen-tatulasty-video/

pixel