Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баспана жоқ, ақша жоқ": Бейбіт Көшқалиев әншілікті тастап, ауылға қайтпақ болған кезін есіне алды

Опубликовано:

Бейбіт Көшқалиев
Фото: Instagram/beibit_kushkaliyev

Отандық танымал әнші Бейбіт Көшқалиев өнер жолында өзі тап болған қиындықтар туралы сыр шертті. Эстрада жұлдызы кезінде әншілікті біржола тастап, ауылға қайтпақ болғанын айтты. Алайда жақын достары оны бұл райынан қайтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Көшқалиев басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, Instagram парақшасында жан сырын ақтарды.

"2013-те өнерге қайта келдім. Қарекет жасап жүргенде 2 жыл зу етіп өтті. Отбасылы болған соң 2 жыл қиын болды. Балалар өсіп келе жатыр. Баспана жоқ, хит шықпайды. Ақша жоқ дегендей. Машақаттар көбейіп кетті. Содан Ғалымбек Исмбергенов досыма "Қой, мен ауылға қайтатын болармын" деп, шешімімді айттым. "Қой, сабыр ет. Бірдеме шығар. Күт" деп Ғалымбек насихаттады. Сол кідіріс болар, осы "Қайтесің жаным өзгені" әнін берді.

Білімділер айтпақшы: "Ең бірінші идея. Қалғаны табылар" демекші, бейнебаянға 3 мың доллар Ринат Гайсин ағам көмек берді. Гоша досым 3 мың доллар беріп, осындай дүние шықты. Артымда тұрған бишілер украиналық достар. Өздері би қойып, билеп, клипке түсіп берді. Локацияны Динара Адам тегін берді. Алғысым баршасына шексіз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987680-baspana-zoq-aqsa-zoq-beibit-kosqaliev-ansilikti-tastap-auylga-qaitpaq-bolgan-kezin-esine-aldy/

pixel