Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кіндік қаным тамған мекен": Дастан Оразбеков туған жеріне қалай барып қайтқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Фото: Instagram/dastanello

Отандық танымал әнші әрі актер Дастан Оразбеков желіде туған жері жайлы жазба жариялады. Өнер иесі кіндік қаны тамған мекенге барып, ерекше күш пен шабыт алып қайтатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков өзі туып-өскен ауылға жиі барып тұруға тырысатынын айтып, кезекті сапарынан видео бөлісті. Ол ар армандары қанат қаққан жер өзін тартып тұратанын жеткізді.

"Кіндік қаным тамған қасиетті мекен мені өзіне тартып тұрады. Биылғы Жаңатас ауылына сапарымда, алдымен, ата-баба рухына құран бағыштадым. Алғашқы мектебімді, маған шымылдығын ашқан тұңғыш сахнам – мәдениет үйін аралап шықтым. Одан кейін Сарысу өңірінің жүйріктері мен жүрегінде түгі бар жігіттері жиналған көкпар тарту тойын көру бұйырды. Кешқұрым ашық аспан астында кең даламды әнмен әуеледім. Мен осылай ауылға барып бір ерекше күш алып қайтамын. Бала Дастанның армандары қанат қаққан жер. Жаңа шабыт шақырады", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Оразбеков өз мінезі жайлы бар шындықты айтқан болатын. Әнші аңқаулығы бар екенін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987744-kindik-qanym-tamgan-meken-dastan-orazbekov-tugan-zerine-qalai-baryp-qaitqanyn-aitty-video/

pixel