Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен Рим Папасы
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті.

"Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", - деп жазды әнші.

Ол ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарды да осы жиын кезінде алған сыйлықтарымен құттықтаған.

Еске сала кетейік, Рим Папасы Қазақстанға 13 қыркүйеу күні ресми мемлекеттік сапарымен келген болатын. Ол әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987856-dimas-kudaibergen-rim-papasynyn-medalimen-marapattaldy-foto/

pixel