Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің таңдауымыз": Айсәуле Бақытбек не себепті жалдамалы пәтерде тұратынын айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек не себепті жалдамалы пәтерде тұратынын түсіндірді. Желі жұлдызы бұл күйеуі екеуінің таңдауы екенін айтып, ипотека алғысы келмейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі блогер арудан не себепті жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын сұрады. Ол көп кешіктірмей өз жауабын айтты.

"Бұл барлығын алаңдатады деп ойламаппын. Бұл рас, бірақ бұл біздің таңдауымыз. Ипотека алғымыз келмейді. Бізге бәрі ұнап жатыр. Біз "қандай болса да өз үйіміз" деген ұстанымдағы жандар емеспіз. Біз тұратын жерімізді өзіміз таңдағымыз келеді. Кенеттен шетелге көшуді шешіп, сол жақта тұрып көретін шығармыз. Алаңдамаңыздар, біздің өз баспанамыз да бар", - деп ағынан жарылды Айсәуле.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың туған күнінде өзіне ерекше сыйлық жасағанын жазған болатынбыз. Өнер иесі Алматыдан жаңа пәтер сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988104-bizdin-tandauymyz-aisaule-baqytbek-ne-sebepti-zaldamaly-paterde-turatynyn-aitty/

pixel