Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек: Басқа адамдардың араласуы жастардың ажырасуына әкеп соқтырады

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде ажырасу мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын ашық айтты. Желі жұлдызының сөзінше, бүгінде жастардың ажырасуына көбіне "сырттағы адамдар" кінәлі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек ажырасуға қатысты пікірін Instagram парақшасында білдірді. Ол ата-аналардың балаларының жеке өміріне араласуын құптамайды. Айтуынша, күйеуі екеуінің ата-аналары олардың өміріне мүлдем араласпайды.

"Басқа адамдардың араласуы жастардың ажырасуына әкеп соқтырады. Ата-аналардың балаға деген сау емес қарым-қатынасы, жақындығы, оларға өз комплекстерін таңуы (сен бізбен тұру керексің, келін бізге қызмет етуі керек, сендердің балаларыңды біз тәрбиелейміз, т.б.) біздің елде норма болып саналады. 

Біздің еркектер де ата-аналарына байлаулы. Жеке тұлға бола алмай, үнемі бала кейпінде қалу... "Анам бірінші орында" деген сөзді жиі байқаймын. Бірақ, достар, сіздің анаңыз бен әйеліңіз басыңызда бәсекеге түспеуі керек. Жүректегі ана мен әйелдің орны бөлек. Мұны еркектің өзі де, оның анасы да, әйелі де түсінуі керек. Бұл тіптен бөлек нәрсе ғой. Тағы жиі байқайтыным, мақсатшыл әрі мансап қуатын әйелдердің анасы өмір бойы үйде отырған еркекпен қарым-қатынасы ауыр болады. Өйткені олар (ерлер) өзіне жар емес, ана іздейді.

Бірақ, әр ұрыс сайын төркінге қашатын әйелдер де жетерлік. Немесе жасы 30-ға келсе де, "әке", "ана" деп жүретіндер. Тағы көптеген әйелдер өз өмірінің жауапкершілігін еріне артып қояды. Бірақ онда бұл одақ емес, қамқоршылық болмай ма?" - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988118-aisaule-baqytbek-basqa-adamdardyn-aralasuy-zastardyn-azyrasuyna-akep-soqtyrady/

pixel