Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мыңдаған адам жиналған "Гәкку дауысы" жобасы қалай өтті (видео, фото)

Опубликовано:

Мәди Рымбаева Gakku Dauysy фестивалінде ән айтып жатыр. 2022 жылғы 17 қыркүйек. Фото
Мәди Рымбаева Gakku Dauysy фестивалінде ән айтып жатыр. 2022 жылғы 17 қыркүйек. Фото : instagram.com/gakkutv

Өткен демалыстарда алматылықтар қала күнін тойлап, мерекелік іс-шаралардың қатарында Алматының туған күнімен қатар "Гәкку дауысы" жобасын тамашалады. "Астана" алаңында өткен концертте 40-тан астам әртіс өнер көрсеткен. Ал оны тамашалауға бірнеше мың адам жиналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олардың арасында ALTAIR & ABBI, IMZI, KOBA & MANS, NKI тобы, Duman, Қазыбек Құрайыш, Madi, Құрмаш Мақан, Mona Songs, 2RAR, Әли Оқапов, Qanay, Ninety One болды.

Ал жобаның хедлайнері Jah Khalib болған.

Сондай-ақ BIR TOQSAN актерлері де Гәкку жобасының қонағы болды.

Карантиннен кейін алғаш өткізіліп тұрған ауқымды жобаны тамашалауға өте көп адам жиналған. Олар әртістермен бірге ән шырқап, телефон жарығын қосып жұлдыздарға қолдау білдірген.

Бірнеше мың адам жиналған жоба соңында "Астана" алаңындағы гүлдер тапталған. Көпшілік сүйікті әншісін тыңдау үшін био-туалеттердің үстіне шығып кеткен.

Әлеуметтік желіде халық наразылығын білдіріп, ал дизнайнер Елзат Мұқаш жобадан кейінгі алаңның көрінісін көрсетті.

"Ұйымдастырушылар мұнша адам келеді деп ойламаған болар", "Барлығы келген адамдарға да байланысты", "Адам өте көп болды", "Келесі жылы қаланың сыртында жасау керек. Бүлдіріп, таптап кетті", "Ұйымдастырушылар осының бәрін ескеру керек еді", "Медеуге немесе орталық стадионға жасау керек еді".

"Жыл сайын тап осы алаңда өтеді. Тек осы жылы ерекше көп адам келген және көбісі жабайылық танытты. Өте өкінішті" деп жазды концерт тамашалаған көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988414-almatyda-myndagan-adam-zinalgan-gakku-dauysy-zobasy-qalai-otti-video-foto/

pixel