Меруерт Өтекешова мен Алтынбек Қоразбаев бастаған бір топ азамат "Алматының құрметті азаматы" атанды

Опубликовано:

Меруерт Өтекешова, Ерболат Досаев/"Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі. Фото
Меруерт Өтекешова, Ерболат Досаев/"Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы күні аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін Меруерт Өтекешова мен Алтынбек Қоразбаевт, сонымен бірге тағы 10 тұрғынды "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағымен марапаттады, деп хабарлайды мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалінің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтап, Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттаған.

"Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі
Алматы қаласы "Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтар болсақ, қазақ КСР-нің жоғары кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов, қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешова, Қазақстанның халық әртісі. Алтынбек Қоразбаев, белгілі қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман бар.

"Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі
Алматы қаласы "Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалі. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ақын, жазушылар одағының мүшесі, журналист Жүрсін Молдашұлы Ерманов, Мемлекет және қоғам қайраткері, елімізге еңбек сіңірген заңгері Зинаида Леонтьевна Федотова, соғыс ардагері Қайырлы Уатайұлы Жоңқабаев, тарихшы Орынша Қарабалина, мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші Күпесбай Оразбайұлы Жампейсов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы Любовь Владимировна Нысанбаева ие болды.

Марапатталғандар құрметті атақтан бөлек 1 млн теңгенің ақшалай сертификаттарына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988416-meruert-otekesova-men-altynbek-qorazbaev-almatynyn-qurmetti-azamaty-atandy/