Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев келесі фильмін Үндістанда түсіргелі жатыр (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмінің түсірілімінде. Фото
Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмінің түсірілімінде. Фото: Instagram/Нұрлан Қоянбаев

Нұрлан Қоянбаев танымал "Бизнес по-казахски" комедиясының жалғасын Үндістанда түсірмек. Бұл жайлы актердің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

Продюсер қазір командасымен бірге түсірілім жұмыстарын бастап кеткен.

"Құрметті, киносүйер қауым! Қазақ киносы, қазақ комедиясы Үндістанда, Болливудта. Киноның режиссері Анвар Матжанов", - деді Нұрлан Қоянбаев.

Айта кетейік, Нұрдан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" жобасын 2016 жылы алғаш рет көпшілікке ұсынды.

Көпшілік көңілінен шыққан фильм кейін Америка, Корея, Африка, Түркия елдерінде жалғасын тапты. Ал "Бизнес по-казахски Үндістанда" фильмі осы жобаның алтыншы бөлімі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988436-nurlan-qoyanbaev-kelesi-filmin-undistanda-tusirgeli-zatyr-video/

pixel