Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай әдемісің": Құралай Анарбекова сұлулығымен таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекованың жаңа фотосессиясы. Фото: Instagram/kuralay_corich

Әлеуметтік желіге жаңа фотосессиясынан сурет жүктеген Құралай Анарбекова көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары оның тек талантты әртіс қана емес, өте сымбатты ару екенін де алға тартты.

Қысқа қара көйлек актрисаның нәзік мүсінін ерекше айқындап көрсеткен. Ал өнер иесінің сәнін әдемі сырға, алқа және қолындағы білезігі келтірген.

Ал желі қолданушылары "Өте әдемі", "Қандай сұлусыз", "Сымбатыңызға қызығып отырмын", "Керемет фотосессия", "Сізді жақсы көремін", "Үлгі алуға лайық жансыз" деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988449-qandai-ademisin-quralai-anarbekova-sululygymen-tangaldyrdy-foto/

pixel