Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллиондап ақша тапқан жоқпын": Мамасарипова танымал телехикая туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Белгілі продюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" телехикаясы туралы сұхбат беріп, елдің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Оның айтуынша ол осы телехикая арқылы көпшілік ойлайтындай қыруар ақша таппайды. Бұл туралы BAQ.KZ-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымға сұхбат берген ол "Келінжан" туындысы арқылы миллиондап ақша таппайтынын мәлімдеді.

"Мен "Келінжан" сериалынан миллиондап ақша тауып жатқан жоқпын. Өзінің қаражаты өзіне зорға жететін сериал десем артық айтқаным емес. Егер халық сұрап жатса, онда мемлекеттік деңгейде шешілсін. Кішкентай қаражатпен әркімге жалынғым келмейді",-деді продюсер.

Сонымен бірге ол телехикаяны түсіру барысында "әттеген-ай" деген тұстары да болған екен.

"Әттеген-айы" адами факторларға қатысты. Жалпы менің ойымша біз көп нәрсені тез ұмытып қаламыз. Ешкімді айыптағым келмейді, бірақ адамдар өзгереді...

Басты кейіпкерлерді 100 пайыз сақтап қалу мен үшін оңай болған жоқ. Мен бесінші маусымда тағы да солай жүргім келмейді. Өйткені мен атамның немесе өзімнің жеке шаруасын істеп жатқан жоқпын ғой?", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988462-milliondap-aqsa-tapqan-zoqpyn-mamasaripova-tanymal-telexikaya-turaly-zan-syryn-aqtardy/

pixel