Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бота Нұрсейітова бұрынғы күйеуімен татуласты

Опубликовано:

Бота Нұрсейітова
Бота Нұрсейітова. Фото: Instagram.com/bota_nurseitova/

Қазақстандық актриса Бота Нұрсейітова бұрынғы күйеуімен татуласқанын мәлім етті. Олар татуласқанымен, әркімнің өздігінше бақытты өмір сүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актрисаға Instagram желісіндегі жазылушылардың бірі бұрынғы күйеуімен татуласуды тілеген.

Ал Нұрсейітова "Күйеуім екеуміз татуласқанбыз және біз бақытты өмір сүреміз. Бірақ бөлек", - деп жауап берді.

Сондай-ақ екі баланың анасы бұрынғы жолдасын жаңа ғашығымен көрсе, қалай әрекет ететінін де айтты.

"Менің бұрынғы күйеуімнің жаңа қызы болса, ол үнемі менің парақшамды, өмірімді бақылаумен болады. "Мүмкін бұл сыйлықты ол сыйлады?", "Мүмкін ол екеуі кездесуде", "Мүмкін олар қайта қосылды" деген ойлармен қаласын-қаламасын парақшамды баылап отырады. Мен оның орнында болуды қаламас едім. Бұрынғы әйелі мен екенімді біле тұра, онымен (бұрынғы күйеуі - ред) кездесуге келіскен қыздың қолын алу керек.

P/s: Ешкімді қорқытқым келмейді. Егер менімен жақсы қарым-қатынас орнатса, мен жақсы адаммын. Менің "бұрынғыларыма" қатысы жоқ", - деп күлді Нұрсейітова.

Бота Нұрсейітова оқырман сұрағына жауап берді
Бота Нұрсейітова оқырман сұрағына жауап берді. Фото: instagram.com/bota_nurseitova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988526-bota-nurseiitova-buryngy-kuieuimen-tatulasty/

pixel