Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаева неге соңғы уақыттары жабық киініп жүргенін түсіндірді

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева
Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап берді. Өнер иесі соңғы уақытта жабық киінуге не итермелегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің соңғы кездері киіну стилін өзгертіп, жабық киімдерге әуестенгенін жанкүйерлері назардан тыс қалдырмаған.

Олар тіпті жақын арада той болады деп болжап үлгерген.

Алайда әнші сыртқы келбеттің өзгеруіне ішкі жан дүниенің тікелей әсер ететінін алға тартты.

Сондай-ақ фанаттары Жолдыбаеваның өмірлік ұстанымының қандай екенін де білгісі келген.

"Түсінгенім, қатып қалған ұстаным жоқ екен. Уақыт өткен сайын жаңа бір түсінік, жаңа көзқарас келеді. Қазіргі уақытта өмірімімдегі көп нәрсе маңыздылығы жағынан орындарымен ауысты десем, артық айтпаймын. Жоспарларыма келер болсақ, болар істен гөрі, болған іспен бөлісу - менің өзгермей қалған көзқарастарымның бірі", - деп жауап берді әнші.

Кәмшат Жолдыбаеваның сторисінен. Скрин
Кәмшат Жолдыбаеваның сторисінен. Скрин: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988612-kamsat-zoldybaeva-nege-songy-uaqyttary-zabyq-kiinip-zurgenin-tusindirdi/

pixel