Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім тілеп алдым": Мадина Сәдуақасова әртіс болудың қиындықтары жайлы сөз қозғады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова әртіс болудың қиындықтары туралы айтып, желіде жан сырын ақтарды. Өнер иесі барынша тыныш өмір сүруге тырысса да, үнемі ел арасында қызу талқыланып жататынына шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова бұл жайында Instagram парақшасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы өзі жайлы шындыққа жанаспайтын әңгімелердің де айтылып жатқанын жеткізді.

"Әртіс болсаң осы. Бармаған жеріңе барды дейді, өмірі көрмеген, танымайтын адаммен жақын қылып қояды. 5 жыл бұрын барып, бір рет шаш жасатқан салонға қыздар "Мадина Садуақасованың күнде келіп жүретін салоны" деп қабылдайды екен. Істемеген нәрселерді істетіп, болмағанды болдырып тастайды. Ал мен бірдеңе жасасам болды, сол у-шу, жұрт соны әңгімелеп, бәрі жазып, танитын адамдар өзіме хабарласып, сұрап кетеді. Мен осы тыныш жүрейін десем де, бірдеңе атып шығады.

Мені оны әдейі істейді деп ойлайтын шығарсыздар. Құдай ақы, өзім бір қаладан басқа қалаға ұшып, қонып, тоқтамайтын концерт, той, гастрольде жүремін. Ондайды ойламақ түгілі, отбасыма дұрыс көңіл бөле алмай, жаңадан көшкен үйіме ыдыс алуға уақыт жоқ. Жарайды, купальникпен түсіп өзім тілеп алдым, аяқ киім де өзімдікі. Ал болмаған нәрселермен, өтірік әңгімелермен қалай күресеміз", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988629-ozim-tilep-aldym-madina-saduaqasova-artis-boludyn-qiyndyqtary-zaily-soz-qozgady/

pixel