Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым": Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде қандай қиындыққа тап болған

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

Жақында актерлікті қолға алған Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын ашып айтты. Кино әлеміне қадам басқан эстрада жұлдызы өз образына кіріп кетіп, әріптесі Ақбота Сейітмағамбетті қатты ұрып жібергенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев телехикаяға түскенде қатты қиналғанын жасырмады. Әнші тіпті өзінің рөлінен жиіркеніп кеткенін айтты.

"Кастингке басқа рөлге, Бағланның рөліне дайындалып келдім. Еңлікті ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Режиссер келіп: "Шынымен ұрып жібердің ба?"- деп таңғалып қарап тұр. Өзімнің рөлімнен өзім жиіркеніп кеттім. Өкінішке қарай, қоғамда бар нәрсе", - деді өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, кейіннен әртістің сериалдағы рөлін ауыстырып жіберген. Ол Тілеутай деген кейіпкерді сомдаған.

Ауыпбаевпен бірге түсірілімге қатысқан Ақбота Сейітмағамбет те өз рөліне қатысты пікір білдірді.

"Бірінші күннен бастап түсірілім алаңында күлуге, қатты сөйлеуге тыйым салды. Мұңайып, басымды төмен салбыратып, аянышты әйелді сомдадым. Еңлік 15 жыл бойы күйеуінің айтқанымен өмір сүріп, үйден шықпайтын әйел, өзіндік шекарасы, пікірі болмаған. Тек қана бала, күйеу деген қағидамен өмір сүрген", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988661-qatty-uryp-ziberip-betin-kogertip-qoidym-ziger-auypbaev-tusirilim-kezinde-qandai-qiyndyqqa-tap-bolgan/

pixel