Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол апаты, арбаға таңылу, жарынан айырылу": Айгүл Мүкей Тамара Асардан үлгі алуға шақырды

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Қазақстандық тележүргізуші Айгүл Мүкей желіде әнші Тамара Асардың қайрат-жігерін сөз етіп, тәнті болды. Ол әншіге жазба арнап, көпті оның сабырлы мінезінен үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Мүкей Instagram желісінде Тамара Асардың өмірі туралы әсерлі жазба жазған.

"Бүгін менің үлгі алатын тұлғам - Тамара Асарды көрсеткім келеді. Өмірге деген сүйіспеншілік пен оптимизмнің үлгісі. Жантүршігерлік апат, мүгедектік, мүгедектер арбасына таңылу... Жарынан айырылу.

Жалғыз, аяғы жоқ, қолында кішкентай ұлы бар. Менен "Ұлын қашан босанды? Жол апатынан кейін бе, дейін бе?" деп сұрап жатады. Ол тұрмысқа жол апатынан кейін шықты.

Бірақ, менің айтайын дегенім ол жайлы емес. Оның рухани күші, ерік-жігері туралы жазып отырмын. Ол би билеп, сахнада ән айтады (әнді көбіне өзі жазады). Керемет жігітке тұрмысқа шығып, Ажар есімді сұлу қызды дүниеге әкелді", - деп пікір білдірді тележүргізуші.

Айта кетейік, Тамара Асар қызының бір жасқа толғанын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988670-zol-apaty-arbaga-tanylu-zarynan-aiyrylu-aigul-mukei-tamara-asardan-ulgi-aluga-saqyrdy/

pixel