Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған өкпем жоқ": Атышулы Айжан Байзақова үш жасар ұлының әкесі жайлы айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова ұлының әкесімен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Желі жұлдызы бұрынғы сүйіктісіне ешқандай реніші жоқ екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова көпті қызықтырған сұраққа Instagram желісінде жауап берді. Ол баласы мен әкесінің байланысы үзілмегенін алға тартты.

"Алан араласады. Сол да жеткілікті. Мен тек жұмыспен ғана сөйлесемін. Аланға телефонды беріп, демалыстан сурет жіберіп дегендей. Бар болғаны сол. Қалған сұрақтар бойынша менің анаммен сөйлеседі. Менің оған деген өкпем жоқ. Бәрі дұрыс", - деп айтты Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Скриншот: Instagram/bayzakova

Оған қоса блогер ару оқырманына жақсы ер азаматпен қайда танысуға болатынын айтып, кеңесін берді.

"Егер өзіңіз сыйлауға тұрарлық жан болсаңыз сізге оны іздеудің қажеті жоқ. Сізді өздері тауып алады. Еш алаңдамаңыз. Әдемі өмір сұріңіз, дамуға ұмтылыңыз, әркез сұлу да көрікті болып жүріңіз. Беделді ер адамдар өздері сізге тартылатын болады. Ер азаматтар оларға мұқтаж екенін сезіп қояды. Оларға мұқтаж болмаңыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988814-ogan-okpem-zoq-atysuly-aizan-baizaqova-us-zasar-ulynyn-akesi-zaily-aitty/

pixel