Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзіме құлақ асасыз деген үміттемін": Тимур Балымбетов көпшілікті нәсілшілдіктен сақтануға шақырды

Опубликовано:

Тимур Балымбетов
Тимур Балымбетов. Кадр: YouTube/ER-BATYR

Қазақстандық продюсер Тимур Балымбетов Instagram желісінде оқырманының сауалына жауап беріп, нәсілшілдіктен, бір ұлтты екінші ұлттан артық көру сезімінен сақтануға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тимур Балымбетов Instagram желісінде әлеуметтік стереотипті қозғайтын түрлі тақырыптарды жиі көтереді.

Бұл жолы желі қолданушысының бірі демалыста басқа ұлттың жігітімен сүйіскенін мойындап, тележүргізушіден бұдан қалай ұялмауға болатынын сұраған.

"Сүйісуден ұялмау керек, өйткені ол әдемі сезім. Нәсілшілдіктен ұялу керек. Өз ұлтыңды өзгелерден жоғары қоюға ұялу керек. Өзге ұлт өкіліне деген сезім сізді кемсітеді, төмендетеді деген ойдан ұялуыңыз керек. Мені тыңдап, ішкі ойларыңызбен күресесіз деп үміттенемін", - дейді продюсер.

Тимур Балымбетовтің сторисінен
Тимур Балымбетовтің сторисінен скриншот: instagram.com/balukz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988835-sozime-qulaq-asasyz-degen-umittemin-timur-balymbetov-kopsilikti-nasilsildikten-saqtanuga-saqyrdy/

pixel