Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әпкесі сияқты": Жұлдыз Өмірғали анасын туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали анасымен
Жұлдыз Өмірғали анасымен. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали желіде анасына ерекше жазба арнап, оны туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали анасына деген ақ тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізген. Ол Instagram парақшасында анасымен түскен суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады.

Белгілі болғандай өнер иесінің анасы 49 жасқа келген.

"Жаңа жасыңызбен. Өмірдегі бар жақсылықты сізге тілеймін. Аман болыңыз, деніңіз сау болсын, 100 жасаңыз. Біз сізді жақсы көреміз", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да құттықтаулар легін жалғап, әртістің анасына жылы лебізін білдірді. Оқырмандардың басым көпшілігі анасы мен қызының ұқсастығына таңғалған. Кейбірі тіпті фотодағы Жұлдыз Өмірғалидің әпкесі деп ойлап қалған.

"Анашыңыздың өмір жасы ұзақ болсын", "Бар жақсылықты тілейміз. Өмір жолыңыз ашық болсын", "Анаңыз ба? Қалай қатты ұқсайсыздар", "Мен әпкесі екен деп қалсам", "Анаңыз сондай жап-жас, өте сұлу екен", "Туған күні құтты болсын", "Тура әпкесі секілді", "Анаңыздың көшірмесі екенсіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988858-apkesi-siyaqty-zuldyz-omirgali-anasyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel