Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайран жастық шақ": Бағлан Әбдірайымов жас кезіндегі ерекше суретті бөлісті

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов жастық шағын есіне алып, желіде ерекше мұрағаттық фотоны бөлісті. Оқырмандар өнер иесіне жылы лебізін жарыса білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы аталмыш суретті Instagram парақшасында жариялап қойған. Фотода оның қасында Еркін Нұржанов, Ердос Қанаев пен Айдар Тұрғамбектің тұрғанын көруге болады.

"Өткен күннен естелік сурет болсын! Кім кімге жанкүйер еді", - деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пайымдауынша, сурет "Жігіттер" квартетінің өнер жолына алғаш қадам басқан кезінде жасалған.

"Жігіттер" квартеті енді шығып жатқан кез ғой. Бәріңіз бұл жерде баласыздар", "Керемет топ болдыңыздар. Әндеріңізді сүйіп тыңдайтын едік", "Түрлеріңізден сол", "Сондай сүйкімдісіздер", "Қайран жастық шақ", "Сіздің дауысыңыз ерекше еді. Бірақ қыздардың көбісі Айдарға ғашық болды", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989012-qairan-zastyq-saq-baglan-abdiraiymov-zas-kezindegi-erekse-suretti-bolisti/

pixel