"Шашы тақыр": Жаңа образын паш еткен Айгүл Иманбаева елді алаңдатты (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде жаңа образын паш етіп, барша жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі шашын тақырлап тастағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева имиджіндегі өзгерістерін Instagram парақшасында хабарлады. Ол арнайы видео жариялап, көпшілікке өзінің "шашы жоқ образын" көрсетті.

"Сәлем достар! Шашымның жағдайы осылай болды. Қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?" - деді эстрада жұлдызы.

Оған қоса бейнежазбада актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да бой көрсетті. Ол өнердегі әпкесіне "аман болса басыңыз, өсер әлі шашыңыз" деп айтады.

Желі қолданушылары бірден видеоны қызу талқыға алып, Айгүл Иманбаеваға асқан алаңдаушылық білдіреді. Бірі оны шашын тақырлап тастағаны үшін сынға алса, енді бірі бұл кинодағы образы деп топшылауда.

"Не үшін алып тастадыңыз? Шашыңыз жақсы еді", "Танымай қалдым", "Түк жарасып тұрған жоқ", "Бұл жай кино үшін секілді", "Түсірілім алаңында жүр ғой. Қолаң шашын тақырлап тастады дегенге сенбеймін", "Расымен алып тастаған ба? Рөл үшін бәріне барады әртістер", "Енді шашы тақыр ма?" ,- деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989050-sasy-taqyr-zana-obrazyn-pas-etken-aigul-imanbaeva-eldi-alandatty-video/