"Барлық адамды түсіну мүмкін емес": Жарқынай Ханайым желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде жаңа жазба жариялап, өмір жайлы өз жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым бұл өмірде әрбір қиыншылық үлкен сабақ әрі тәжірибе екенін алға тартты. Сөзінше, әр қынжылтатын оқиға адамға көп нәрсені үйретеді.

Өнер иесі өмір жайлы өз ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті.

"Өмірде біреуді танығаннан бұрын, өзіңді тану өте маңызды. Өзіңді жақсы таныған кезде жүрген орта, армандарың айқындала түседі. Маған адамдарды түсіну өте маңызды. Не үшін? Неге олай? Оның орнында мен болсам ше? деген сұрақтарды өзіме көп қоямын. Бірақ түсінгенім, барлық адамды түсіну мүмкін емес екен. Кейде адамдар өз өздерін түсінбейтінін түсіндім. Маған түсіндірсе бәрін түсініп, сол жағдайдан бірге шығуға тырысып құтқарушы болып кетемін.

Адам көмек сұрауы мүмкін, бірақ сол көмекті қабылдауға дайын ба? Соны түсіну де маңызды екен. Тағы бір түсінгенім, сізді қынжылтқан әрбір оқиғада хайыр бар екенін ұмытпау керек екен. Әрбір қиыншылық, тым болмағанда өзіңізді, жан-жағыңызды тануды, даналықпен, өзіңізге деген махаббаттың не екенін түсіндіреді екен", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989071-barlyq-adamdy-tusinu-mumkin-emes-zarqynai-xanaiym-zelide-aserli-zazba-zariyalady/