Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылағым келеді": Жақында ұлды болған Мақпал Исабекова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai/

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова декреттік демалысы қалай өтіп жатқанын айтып, әсерін бөлісті. Бұған дейін қызу жұмыста болған өнер иесі бүгінде өмірі бірсарынды болып кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өзінің қазіргі өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарды.

"Біріне-бірі ұқсас күндер өтуде. Бір-біріне қарама-қайшы сезімдерді сезінудемін. Бір жағынан, шексіз рахат пен бақытқа бөленсем, екінші жағынан, ертеңгі күніңнің белгісіздігі. "Шығармашылық, сенің сүйікті мамандығың қайда қалды? Басқаларға қарашы, сен артта қалдың. Ешнәрсе істемейсің, ешкімге керек емессің", – басымдағы кей сатқын ойлар осындай сөздерге толы. Оның үстіне әлеуметтік өмірден алшақтап, адамдармен араласуымды доғаруым бұл ойларымды нығайта түседі. Ондай сәттерде жылағым келеді. 

Мақпал Исабекованың Stories-i
Скриншот: Instagram/makosyai

"Құдайды ашуландырма, неге шағымданасың? Сенің ұлың бар ғой. Рахметің жоқ!" – дейді тағы сол дауыс. Иә, расында да, менің ұлым бар. Өзім көптен күткен, құдай берген балам. Оның анасы болу, оған қамқор болу сондай бақыт. Бірақ мен енді әйел мен анадан бөлек кіммін? Бұрынғы және қазіргі өзімді қалай тоғыстырамын? Бұның бәрі оңай емес екен. Әзірге оны анықтағым келмейді және оған шамам да жоқ. Тек қазіргі сәтпен өмір сүремін. Жаялықтарды үтіктеп, баламмен серуендеп, оның көздеріне қарап отырып тамақтандырамын. Әзірге бұдан артығы керек те емес", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989099-zylagym-keledi-zaqynda-uldy-bolgan-maqpal-isabekova-oz-zan-syryn-aqtardy/

pixel