Қоянбаевтың Үндістандағы фильмінің түсірілімінен кадрлар пайда болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жан Байжанов, Дариға Бадықова, Рамазан Амантай
Жан Байжанов, Дариға Бадықова, Рамазан Амантай. Фото: instagram.com/ramantay

Продюсер Нұрлан Қоянбаевтың Үндістанда жалғасын тапқан "Қазақша бизнес" фильмінің түсірілім жұмыстары желіде пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнестің" жалғасын Үндістанда түсіретінін мәлім еткен болатын.

"Құрметті, киносүйер қауым! Қазақ киносы, қазақ комедиясы Үндістанда, Болливудта. Киноның режиссері Анвар Матжанов", - деген еді Қоянбаев.

Фильм түсірілімі басталғанына бірнеше күн өткенде актерлер құрамы түсірілім барысынан қызықты фото, видео үзінділерін түсіріп, көпшілікті қызықтырып қойды.

Дариға Бадықова Жан Байжановпен түскен суретімен бөліссе, Қоянбаевтың өзі де видео үзінділерді Instagram парақшасына жариялады.

Айта кетейік, осыған дейін жаңа фильмдегі Дариға Бадықованың образы туралы айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989268-zelide-qoyanbaevtyn-undistandagy-filminin-tusiriliminen-kadrlar-paida-boldy-foto-video/