Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық шоттарымды бұғаттап тастады": Мадина Сәдуақасова қиын жағдайға тап болғанын айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова ойламаған жерден қиын жағдайға тап болғанын айтты. Салық әкімшілігі өнер иесінің банктегі барлық шоттарын бұғаттап тастаған. Ақшаны картада ұстап үйренген әнші енді қолында тиындар қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова орын алған келеңсіз жайт туралы Instagram парақшасында айтты.

"Достар мен салық әкімшілігіне келдім. Менің барлық шоттарымды, депозиттерімді салық органы бұғаттап тастапты. Не үшін екенін білуге келдім. Не істеп қойдым мен? Есепшімді күтіп отырмын", - деп шағымданды әртіс.

Өнер иесі артынан мәселенің анық-қанығына жетіп, оны оқырмандарына түсіндірді. Айтуынша, шоттардың бұғатталуы жеке кәсіпкерлікке байланысты болып шыққан.

"Шоттарымның арестке қойылуы ЖК-мен (жеке кәсіпкер) байланысты екен, бірнеше күнде шешілуі керек. Бірінші жолы ескерту жасайды екен. Қолма қол ақша жоқ екен менде, соңғы тиындарымды санап қалдым", - деді Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989287-barlyq-sottarymdy-bugattap-tastady-madina-saduaqasova-qiyn-zagdaiga-tap-bolganyn-aitty/

pixel