Әйгілі Энрике Иглесиас сахнада жанкүйерімен сүйісті (видео)

Опубликовано:

Энрике Иглесиас
Энрике Иглесиас. Фото: Gettty Images/ Kevin Winter / Staff

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концертінде қызықты жағдай орын алды. Сахнаға жүгіріп шыққан жанкүйер қыз әртісті құшақтап, елдің көзінше оны ернінен сүйіп алды. Өнер иесі аталмыш видеоны желіде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Энрике Иглесиас концертінде болған жайттың видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің қасына сахнаға бейтаныс арудың шығып алғанын көруге болады.

Бойжеткен жұлдызды құшағына басып, онымен суретке түсе бастайды. Соңында жанкүйер қыз қалың көпшілік алдында оны ернінен сүйіп алады. Қызығы, әртіс те қарсылық танытпайды.

Бұл жайт желі қолданушыларының көңілінен шыққан жоқ. Оқырмандар отбасылы жұлдыздың мұндай бейнежазбаны бөліскеніне шүйлігіп шықты.

Айта кетейік, Энрике Иглесиас 20 жыл бойы ресейлік тениисші Анна Курниковамен қарым-қатынаста. Бүгінде қос ғашық екі қыз бен бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Желіде олардың ресми некеге отырғандары жайлы ақпарат тарауда. Алайда, жұлдызды жұп заңды түрде үйленгендерін әлі растаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989308-aigili-enrike-iglesias-saxnada-zankuierimen-suiisti-video/