Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші әйелінен тараған ұрпақпын": Ерболат Беделхан тоқал алу мәселесіне қатысты өз ойын айтты (видео)

Опубликовано:

Ерболат Беделхан
Ерболат Беделхан. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

"Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берген продюсер Ерболат Беделхан өнерімен қатар қоғамда өзекті сұрақтарды да қамти кетті. Өнер иесі тоқал алу мәселесесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі "Бізде "қазақ байыса қатын алады" деген мақал бар. Сіз бұл мақалды қалай түсінесіз?" деп сұрады.

Ал Ерболат Беделхан бұл мәселенің өте ауқымды екенін атап өтті. Ол бұл сұраққа келгенде тек жеке басына ғана жауап бере алатынын айтты.

"Бұл адамның өз қалауы, қоғамның таңдауы емес. Қазір біреуді сөге алмайсыз, айта алмайсыз. Айтатындай күш қуат, уақыт жоқ оған. Иә, біздің ата балаларымыз сондай болды. Мен атамның екінші әйелінен тараған ұрпақпын. Бірақ, ол заман бір бөлек. Қоғамы, сұранысы бір бөлек. Бұл салт дәстүрде болған болса, демек екі адамның жеке өмірі. Ер мен әйелдің жеке таңдауы.

Ал қоғамдағы мәселе болса, бұл басқа сұрақ. Мұны ресми тұрғыда конституцияға енгіземіз бе, жоқ па? Осы сұраққа жауап берсек болды.

Мен өзім үшін ғана жауап берейін. Маған өзімнің жұбайым, әйелім ғана жеткілікті. Байимын ба, кедеймін бе, мәселе адамның өзінде. Өзіне қарау керек, мәселе осыда", - деді продюсер.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболат Беделхан 91 тобымен неге бөлек кеткенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989530-ekinsi-aielinen-taragan-urpaqpyn-erbolat-bedelxan-toqal-alu-maselesine-qatysty-oz-oiyn-aitty-video/

pixel