Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамгершілікті жоғалтпайық": Зарина Омарова пәтер бағасын көтеріп жатқандарға үндеу жасады

Опубликовано:

Зарина Омарова
Зарина Омарова. Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова елімізде пәтер бағасының қымбаттауына пікір білдіріп, оған қатысы бар жандарға үндеу жасады. Өнер иесі қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселе оны қатты алаңдатып тұрғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова пәтер ақысының бағасын көтеріп жатқан пәтер иелеріне үндеу жасады. Ол азулы жазбасын Instagram парақшасында бөлісіп, отандастарын адамгершілікті жоғалтпауға шақырды.

"Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты үнсіз отыра алмадым. Осындай қиын уақытта қымбатшылық заманында бір-бірімізге қолдау білдірудің орнына жығылған үстіне жұдырық болып жалдамалы пәтердің бағасын бірнеше есеге қымбаттатып жіберген жандарға сөзім жоқ. Сіз осы тапқан ақшаңыздан байып кетемін деп ойлайсыз ба? Бұның артында қаншама адамның көз жасы тұр емес пе?

Басқа адамдарға кішкене мейірімдірек болайық. Төбеде Аллам бәрін көріп тұр. Не болсада адамгершілігімізді жоғалтпайықшы. Адам болып келген соң бұл өмірге адам болып кетейік. Бес күн жалған дүниеде хайуанның деңгейіне түспей, адам кейпінде қалайық. Артық айтсам айыпқа бұйырмаңыздар,ішіме симай кетті. Алла жар болсын", - деп жазды әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі пәтер мәселесіне қатысты актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989604-adamgersilikti-zogaltpaiyq-zarina-omarova-pater-bagasyn-koterip-zatqandarga-undeu-zasady/

pixel