Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге ренжігенде бір ауыз сөзбен жығатын": Меруерт Түсіпбаева балалық шағын есіне алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына өз отбасы мен балалық шағы туралы айтып берді. Өнер иесі ата-ана тәрбиесі жайлы сөз қозғап, үйдегі берекені сақтаудың маңыздылығын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева бүгінгі күнге анасының арқасында жеткенін алға тартты. Ол өмір бойына анасынан ауыр сөз естімес үшін барын салып тырысып жүргенін айтты.

"Мен, ауылда ,көпбалалы отбасында өстім. Балалық шағымды есіме алсам, анамның күндіз- түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, бізді ешкімнен кем қылмай өсірудің қамы көз алдыма келеді. Әкем болды, әрине. Бірақ ол кісі бейқам, салдыр-салақ, ерке адам. Бізді осы күнге анам жеткізді, шүкір. Жоқ болса да - бар бола білді! Кейде бар болса да, жоқ деп отыратын берекесіз бір әйелдерді көргенде, анам есіме түседі. Мені осындай адамның туып- өсіргеніне шүкір. Анам, бізге ренжігенде, бір ауыз сөзбен жығатын, "берекесіз" деп. Осы сөз менің жадымда мәңгі сақталды. Өмір бойы, мамамнан осы сөзді естімесем деп тырысып келемін", - деді әнші.

Оған қоса эстрада жұлдызы үйдің берекесі жайлы сөз қозғап, оған қатысты не ойлайтынын айтты.

"Кейде күйеуі күреп ақша тауып отырса да, дастарханы жүдеу, құты қашқан , берекесіз әйелдерді көріп, жаным ашиды. Өйткені, барлығы әйелге байланысты. Отбасының берекесі әйелдің қолында. Қыздар! Ұзын сөздің қысқасы, ақылды болыңдар. Екі тиынды 4 тиын қылуды уйреніңдер! Абай атамыз айтқандай малшашпақ болмаңдар! Үйдің, бала- шағаның берекесі сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989719-bizge-renzigende-bir-auyz-sozben-zygatyn-meruert-tusipbaeva-balalyq-sagyn-esine-aldy/

pixel