Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым үшін алаңдадық": Атышулы Айжан Байзақова ұсыныстан кейін өз әсерін бөлісті

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова өзіне жасалған ұсыныстан кейін қандай әсер алғанын айтты. Желі жұлдызы бірінші кезекті үш жасар ұлы үшін алаңдағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова айтулы күн қалай өткенін Instagram парақшасында баяндады. Ол сүйіктісіне қуана "иә" деп жауап бергенін айтты. Сөзінше, олар үйлену тойларын біраздан бері талқылап келген.

"Бәрі кинодан басталды. Достарым мені жаңа фильмді тамашалауға шақырды. Сол кезде бәрі басталды. Мен көз жасымды әрең тоқтаттым. Бәрін көрсете алмаймын. Жол бойында мен видеоны қайта-қайта қарай бердім. Мадина екеуіміз көлікте жылап алдық. Сосын екінші жоспарланған жерге келдік. Онда мені сүйіктім күтіп тұрды. Мен "иә" дегенім түсінікті шығар. Себебі біз тойымызды бірнеше мәрте талқылаған болатынбыз", - деді ол.

Оған қоса Байзақова бұл жағдайдан үш жасар ұлы Аланның қандай әсер алғанын да айтты.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

"Міне оның түрі. Біз ол үшін қатты алаңдадық. Қызғанып қала ма деп ойладық. Бірақ ол менің сүйіктімді менен артық жақсы көреді. Бәрі біз ойлағаннан да оңай болып шықты. Оған тек квадрокоптер керек болды", - деп түсіндірді блогер ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989771-ulym-usin-alandadyq-atysuly-aizan-baizaqova-usynystan-keiin-oz-aserin-bolisti/

pixel