jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ескендір Хасанғалиевке арналған мемориалдық тақта ашылды (фото, видео)

    Ескендір Хасанғалиев
    Ескендір Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

    Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке арнап мемориалдық тақта ашылды. Бұл жайында әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, әкесіне арналған мемориалдық тақтаның ашылуы 23 қыркүйек күні өткен.

    Композиторға арналған тақтаның ашылу салтанатында Алтынбек Қоразбаев сөз сөйлеген.

    "Ағаның өзі жоқ болса да, артында қалған әндері мәңгілік сақталады. Қазақ бар кезде, Ескендір Хасанғалиевтің әні мәңгі сақталатынына сенемін. Енді көсемдердің құлағына алтын сырға, ағаға "Қазақстанға еңбек ері" деген атағын әлі де болса берсе, кеш болмас еді. Одан қазақтың "Батыр" деген атағы азайып қалмайды", - деді Алтынбек Қоразбаев.

    Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

    "Әдемі-ау", "Асыл арман", "Атамекен", "Бозторғай", "Елігім-еркем", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат", "Гүл сезім" сынды бірнеше әннің авторы. "Құрмет", "Отан" ордендерімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты, Алматы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

    Ол 2021 жылдың 30 сәуірінде өмірден өтті.

    Ескендір Хасанғалиевке арналған мемориалдық тақта ашылды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.