Аша Матай мен Арман Қоңырбаев отбасы болғанына 7 жыл толғанын атап өтті (фото)
Жарияланған күні:
Жұлдызды жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың биыл отбасы құрғандарына 7 жыл толған. Олар үйленген күндерін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аша Мата Instagram парақшасында отбасылық күндері екенін жазған.
"Біздің отбасымызға 7 жыл. Бақыттымыз, Аллаға шүкір", - деп жазды әнші.
Арман мен Аша жеті жылдықты мейрамханада атап өткен. Бұл күннің құрметіне тележүргізуші жұбайынан қызыл раушан гүлдерін және брендтік сыйлық алған.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты айтулы мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
"Бірге бақытты болыңыздар", "Жетпіс жылдықты бірге тойлаңыздар", "Алла бақтарыңды ұзағынан сүйіндіріп, тіл көзден сақтасын" деп жазды олардың тыңдармандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989940-asa-matai-men-arman-qonyrbaev-otbasy-bolganyna-7-zyl-tolganyn-atap-otti-foto/