Актер Шерхан Пірназар атышулы "Бажа" сериалы жайлы айтты

Опубликовано:

"Қызық LIVE" түсірілімінің барысы
"Қызық LIVE" түсірілімінің барысы. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Отандық танымал актер Шерхан Пірназар өзі түскен "Бажа" веб-сериалына қатысты пікір білдіріп, оның халыққа берер тәрбиелік мәні жайлы сөз қозғады. Өнер иесі аталмыш жобаға өзге әріптестері секілді арнайы кастингтен өтіп қосылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шерхан Пірназар желіні жарған веб-сериал жайлы толығырақ "Қызық LIVE" бағдарламасында айтты.

"Бажа" сериалы қазіргі уақытта аса актуалды тақырыпта түсірілген жоба. Бажа біріншіден біздің ұлтқа, біздің салтқа өте жақын. Бұл сериалда ата заманнан келе жатқан бажалардың тату қарым-қатынасы көрініс тапты. Осы цифровизация заманында бәрі осы сериалды көріп, баяғы кезең қайтып оралар ма?! Баяғы дәстүрлер қайтып келер ме? деген ой ғой", - деді Шерхан Пірназар.

Айта кетейік, "Бажа" сериалы бірден көрермен көңілінен шығып, аздаған уақыт аралығында төрт миллионға жуық қаралым жинаған. Актерлердің сөзінше, бұл веб-сериал үшін үлкен көрсеткіш.

Сонымен қатар "Бажа" сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған Марат Оралғазин бұл жобаның басты құндылығын айтып өтті.

"Бұл сериалдың басты құндылығы - басында кішкене бұзықтау болса да негізгі ой отбасылық құндылықтар. Не істесең де, қандай болсаң да өзіңнің отбасыңнан, өзіңнің жан жарыңнан, бала-шағаңнан артық еш нәрсе жоқ деген ой айтылады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989943-akter-serxan-pirnazar-atysuly-baza-serialy-zaily-aitty/