Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған әйел болатын қыз іздедім": Байзақова болашақ күйеуі жайлы тың мәліметті бөлісті

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова сүйіктісі екеуінің қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып, желіде жан сырын ақтарды. Сөзінше, олар ұзақ уақыт бойы дос болған. Желі жұлдызы тіпті оған әйел болатын қыз іздегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова өмірінде орын алған өзгерістерден кейін оқырмандарымен тілдесіп, Instagram желісінде оларды қызықтырыған бірқатар сұраққа жауап берді. Блогер ару ғашығы екеуінің махаббат хикаясы қалай бастау алғанын айтып берді.

"Біз ұзақ уақыт бойы дос болдық. Екеуіміз де қарым-қатынаста болмадық. Сол себепті бір-бірімізге сырымызды айтып, бірге көп уақыт өткізетінбіз. Мен тіпті оған әйел болатын қыз іздегенмін. Ақыры бір-бірімізге ұнайтынымызды түсіндік. Бірақ ол бірінші болып сезімін білдірді. Біз бұдан былай дос бола алмайтынымызды бір уақытта түсіндік", - деп ағынан жарылды Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Желі жұлдызы сүйіктісі өзіне үйленуге ұсыныс жасайтынын білгенін айтты.

"Менің күйеужігітім маған тосынсый жасап, көңілімді көтергісі келді. Біз бұл ұсынысты жасамасақ та болар еді. Бірақ бұл естелік қой. Бұл қадамы мен дайындығы үшін мен оны жүз есе қатты сүйіп кеттім. Ол ел назарында болғанды ұнатпайтын адам. Алайда мен үшін осындай үлкен тосынсый жасады", - деді Айжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989951-ogan-aiel-bolatyn-qyz-izdedim-baizaqova-bolasaq-kuieui-zaily-tyn-malimetpen-bolisti/

pixel