Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова 8 жыл үзілістен кейін әншілікке бет бұрды (видео)

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова осыдан біраз уақыт бұрын әншілікке бет бұрғанын айтқан болатын. Әншінің қызы бала күнінен бері 6 музыкалық аспапты үйренгенімен, осыған дейін ән әлеміне келуге сенімсіздігіс кедергі болғанын "OZMZғой" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақыннан бастап Julie лақап есімін алған Айжұлдыз 13 жыл бойы музыкалық білім алған.

"Мен 13 бойы Күләш Бейсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқыдым. Әли Оқапов, Мәди Рымбаев барлығымыз. Мектеп кезінде менің музыкалық білімім өте мықты болды. Бір жағынан қанмен келген шығар. Себебі, анам - әнші. Әкем тарапынан да өте мықты дауыс болған. Сөйтіп мен 6 музыкалық аспап: флейта, шаңқобыз, барабан, сазсырнай, фартопиано, гобойды меңгердім. Барлығын меңгергеннен кейін, менің ішімде өзіме деген сенімсіздік болды", - деді Адайбекова.

Айжанованың қызы осы қорқыныш әсерінен 8 жыл бойы ән әлемінен алыстаған.

"Қазіргі кезде барлығы бетпердемен жүреді. "Мен мінсізбін", "Мен ештеңеден қорықпаймын, кереметпін" деген бетпердемен жүреді көбісі. Мен де солай өмір сүрдім. Барыншы білдіртпеуге тырыстым. Бірақ, шыны керек қорқыныш, сенімсіздіктің болуы - қалыпты нәрсе. Бұл нәрсе біздің табиғатымызда бар нәрсе.

Мен осыдан қорқып, 8 жыл бойы ән әлеміне көзімді жұмып қарадым. Себебі, мен өзімді басқалармен салыстыра бастадым. Өзімді музыкант ретінде қадірлемеген шығармын. Бірақ ештен кеш жақсы. 8 жыл бойы Еуропаға кетіп қалып, киім дизайнымен айналыстым", - деп ағынан жарылды Айжұлдыз Адайбекова.

Айта кетейік, Жанар Айжанова осыған дейін әншілік өнерге бет бұрғанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990067-aizuldyz-adaibekova-8-zyl-boiy-an-alemine-kozimdi-zumyp-qaradym-video/