Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақ болайықшы": Түсіпбаева Ижевск оқиғасынан кейін мектеп тыныштығына алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Ижевск оқиғасынан кейін өз еліміздегі мектеп тыныштығына асқа алаңдаушылық танытты. Өнер иесі білім ордаларында барынша күзетті күшейту керектігін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева бұл мәселеге қатысты пікірін Instagram парақшасында білдірді. Ол көпшілікті сақ болуға шақырып, ата-аналарға балаларымен бұл тақырып жайында сөйлесуге кеңес берді.

"Сақ болайықшы, құрметті мектеп директорлары, ата-аналар, оқушылар! Соңғы кезде, көршілес мемлекеттерде, мектепке қарумен кіріп, ұстаздарды, оқушыларды, күзетшілерді атып өлтірген жағдайлар көбеюде! Зәрең ұшады! Әр ата- ана, мектеп басшыларынан күзетті нығайтуды (күшейтуді) талап етуі керек! Ертең, кеш болмасыншы. Үйде балаларыңызбен осы жөнінде сөйлесіп, құдай сақтасын, қауып төнген жағдайда, абай болу туралы айту керек! Дәл казір, сырттан кім көрінген келіп жатыр, ағайын! Сақтықта қорлық жоқ", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990168-saq-bolaiyqsy-tusipbaeva-izevsk-oqigasynan-keiin-mektep-tynystygyna-alandausylyq-bildirdi/

pixel