Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде үйі бар отандық жұлдыздар кімдер (фото, видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim

Қазақстандық жұлдыздар арасында Қазақстаннан өзге елде баспана алу хитке айналған. Отандық өнер иелері арасында кімдер шетелден пәтер алған? KAZ.NUR.KZ шолу жасап көрді.

Өнер иелерінің көбісінің таңдауы Түркия еліне түскен. Олардың бірі - Мәдина Сәдуақасова.

Әнші өз туған күнінде өзіне сыйлық жасаған.

"Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым. Әнуарды мектепке жібердік. Туған күн міне келіп қалды. Әрі бері ақшамызды әрнәрсеге шаша бермей, бір үй алып қояйық дедік. Демалысқа келгенде қонақүй емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Өз-өзіме сыйлық жасадым" - деп жазған ол.

Түркия елінен үй алған өнер иесінің тағы бірі - Тәуекел Мүсілім. Актер жаңа баспаналы болғанын Instagram парақшасында жариялаған болатын.

"Отбасылық демалысымыздың бітуіне аз уақыт қалды. Оны Айтөренің түрінен байқауға болады, келесі суретте. Бұл жолы Аланияға келуімнің себебі біз пәтер алған құрылыс компаниясына жарнама түсіру болды. Аллаға шүкір бәрі іске асты", - деп жазды актер.

Алтына Жорабаева да Түркия елінен пәтер алған.

"Түркия елінен ,Аланья қаласынан ,теңіздің жағасынан 7 жұлдызды 2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық", - деп қуанышты жаңалығымен бөлісті әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990172-setelde-uii-bar-otandyq-zuldyzdar-kimder-foto-video/

pixel